Электронды төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
BPC Processing ұсынатын қызметтерінің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі және қабылданған шешімдердің барлығы PCI DSS халықаралық хаттамасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, сенімді және қауіпсіз төлем қызметі үшін Банктер ұстануы қажет нақты шарттар тізімі бар:
1. Деректерді шифрлау: Төлем жүйелері арқылы берілуші барлық құпия ақпаратқа рұқсат етілмеген қол жеткізуді болдырмау үшін сенімді шифрлау алгоритмдерімен қорғалуы керек.
2. Көп деңгейлі теңнұсқаландыру (аутентификация) (3DS 2.0): Банктер клиенттің деректерін қорғау үшін құпия сөзді SMS кодымен немесе биометриялық теңнұсқаландырумен үйлестіру сияқты көп факторлы аутентификация әдістерін қолдануы керек.
3. Вирустар мен зиянды бағдарламалардан қорғау: Банктер вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама орнатуы, оған қолдау көрсетуі және жүйелерді зиянды бағдарламалардың зақымдауын болдырмау үшін оны жүйелі түрде жаңартып отыруы қажет.
4. Мониторинг және ауытқуларды анықтау: Банктерде рұқсат етілмеген қол жеткізу немесе алаяқтық әрекеттерін көрсетуі мүмкін ауытқуларды анықтайтын және бақылайтын жүйелер болуы керек.
5. Қызметкерлерді оқыту: Төлем жүйелерімен жұмыс істейтін банк қызметкерлері қауіпсіздік мәселелері бойынша жақсы дайындықтан өтуі және алаяқтық пен күдікті әрекеттермен күресуді білуі шарт.
6. Тұрақты қауіпсіздікті тестілеу: Банктер осалдықтар мен мәселелерді анықтау және шешу үшін өздерінің төлем жүйелерінің қауіпсіздік сынақтарын жүйелі түрде жүргізуі керек.
7. Нормативтік талаптарға сәйкестік: Банктер реттеушілер мен заңнамамен белгіленген деректерді қорғау және ақпарат қауіпсіздігі ережелерін сақтауы тиіс.
Бұл тармақтардың барлығы банктерге өз қызметтерінің қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және клиенттердің құпиялылығы мен қаржылық ақпаратын қорғауға көмектеседі.